ЖаңалықтарНеміс футбол одағының мамандары Астана семинар өткізді
24 Шілде 2012, 16:37

Германия ұлттық құрамасының жұлдыздарын мысалға алу арқылы Торстен Бэхт пен Петер Лауденклос іріктеу жүйесі, мониторинг, дарынды ойыншыларды үйрету мен дамыту секілді құбылыстарды Қазақстанның балалар-жасөспірімдер футболын дамыту бағдарламасына енгізудің алғы қадамдарын жасап, көптеген сұрақтарға жауап берді. Сондай-ақ, бүгінгі проблемалар мен олардың шешу жолдарын талқылады.
Бұл семинар Қазақстан футбол федерациясы мен Неміс футбол одағы серіктестік меморандумына қол қойғаннан кейінгі алғашқы білім беру семинары.