РУС ҚАЗ
OLIMPBET-Чемпионаты
x

Жарыстар орталығы

  • OLIMPBET-Кубогы
  • OLIMPBET-Чемпионаты
  • Бiрiншi лига
  • Екінші лига
  • OLIMPBET-Суперкубогы
  • Өтпелі ойын

ЖаңалықтарОлжас Абраев: "Алматыға іс-сапар және еурокубоктық ойындар жөнінде"

21 Шілде 2012, 02:03

Бәрін ретімен бастайық. Қазақстан чемпионатының өткен турында Қостанайдың  "Тобылы" өз алаңында "Атыраудан" басым түсіп, бірінші орынға шықты. Қарағанды клубының Чемпиондар лигасына қатысуына байланысты "Шахтер" мен "Оқжетпестің" өзара келісуінің арқасында бұл ойын кейінге шегерілді. "Астананы" жеңген "Ертіс" екінші орынға көтерілді. "Ақжайық" пен "Қайсардың" кездесуінде есеп ашылмады. "Тараз" өз алаңында "Жетісудан" жеңілді. Есеп - 1:3. Тағы бір қызықты кездесу Алматыда өтті. Өз алаңында Қаскелеңнің "Сұңқарынан" қабылдаған "Қайрат" жеңіліп қалды.
 

Бұл маусымда мен бірінші рет "Қайраттың" қабылдауымен өткен ойында Орталық стадионда болдым. Матчтың ұйымдастырылуы, жанкүйерлерге бөлінген көңіл, бәрі де қызықты ұйымдастырылды. Матч алдындағы мемлекеттік әнұранды тірідей орындауды тәжірибеге енгізіпті. Бұл матчта әнұранды әскери оркестр орындады. Өте әдемі және ерекше ұйымдастырылған бұл салтанатты шара маған өте ұнады. Үзіліс кезіндегі сыйлықтар лотореясы да маркетингтік тұрғыда жақсы қадам. Дегенмен, бәлкім, жазғы демалыс кезіне сәйкес келуімен байланысты болса керек, көрермендер стадионда аз болды. «Қайрат» — «Сұңқар» кездесуінде биылғы маусымдағы ең аз көрермен тіркелді. бар болғаны 5000 адам. Айта кету керек, инфрақұрылымның жақсаруы мен резервті қолдау тұрғысында керемет жұмыстар жасалуда. Бұл әлбете оңды қадам.
 

Клубтарымыздың еурокубоктық ойындарға қатысуына байланысты чемпионат екі апталық үзіліс алды. Келесі тур 29 шілдеде өтеді.
 

Өткен аптада «Жетісу», «Ақтөбе» және «Ордабасы» Еуропа лигасындағы жауапты матчтарын өткізді, Өкінішке қарай, Польшаның "Лех" клубын айналып өтуге Талдықорғанның "Жетісуының" шамасы жетпеді. «Ордабасы» мен «Ақтөбе» үлгілі ойын өрнегін көрсетіп, Еуропа лигасының топтық кезеңіне шығу мүмкіндіктерін жоғалтпады. Ал кешегі ойындар Қазақстан клубтарының да азулы клубтармен терезесі тең жағдайда айқаса алатынын дәлелдеді. "Ордабасының" сырт алаңда Норвегияның "Русенборгымен" тең түсуі осының айғағы болса керек.
 

Шымкенттіктердің келесі кезеңге шығу мүмкіндігі зор. Сырт алаңда "Милсамиден" 2:4 есебімен ұтылса да, "Ақтөбе" келесі кезеңге шығу үмітін сөндірген жоқ. Бұл жерде "Ақтөбенің" өз алаңында жанкүйерлерінің көмегіне сүйеніп, барынша ойын үлгісін көрсете алатынын да ұмытпау керек.
 

Өз жорығын Чемпиондар лигасының екінші кезеңінен бастаған «Шахтер» бірінші ойынын түзде өткізіп, Чехияның "Слованынан" 0:1 есебімен жеңіліп қалды. Енді өз алаңында жерлестеріміз чемпиондық ойын үлгісін көрсетеді деп сенеміз.
 

Клубтарымыздың еурокубоктық кездесулерінің жауапты ойындарын ұлттық телеарналарымыз эфирден көрсетеді. 24 шілдеде "Ел Арна" чемпиондар лигасының аясындағы «Шахтер» — «Слован» матчының көрсетілім кешкі сағат 19:00-де бастайды.
 

26 шілде күні "Ел Арна" телеарнасынан Еуропа лигасының аясындағы «Ордабасы» — «Русенборг» ойынының тікелей көрсетілімі сағат 20:00-де басталады. Ал сағат 22:00-де «Қазақстан» ұлттық арнасы "Ақтөбе" - "Милсами" кездесуін көрсетеді.
 

Клубтарымызға сәттілік. Футбол стадионында кездесейік.

Social

/ PFLKAZ

PFLK TV
Array ( [kaz] => news [id] => 1373 )