РУС ҚАЗ
x

Жарыстар орталығы

  • OLIMPBET-Кубогы
  • OLIMPBET-Чемпионаты
  • Бiрiншi лига
  • Екінші лига
  • OLIMPBET-Суперкубогы
  • Өтпелі ойын

ЖаңалықтарҚарағандыда «Coca-Cola Былғары доп - 2012» додасының орта жеткіншектер тобы арасындағы финалдық турнир мәресіне жетті

18 Шілде 2012, 17:46

Алдымен командалар төрт топқа бөлініп, өзіндік іріктеу кезеңін өткізді. Нәтижесінде финалға үздік командалар шықты.
Ақтық сында Алматы қаласының ГУОШ №41 командасымен Маңғыстау облысы Құрық мектеп-гимназиясының оқушылары өзара мықтыны анықтады. Өте тартысты өткен кездесуде Қуаныш Сұлтанғали мен Елнұр Әділжановтар бір-бір доптан соғып, оңтүстік астанамыздың командасына жеңіс сыйлады.

Иә, сөйтіп орта жеткіншектер тобында Алматы қаласының ГУОШ  № 41 командасы (жаттықтырушысы - Жансерік Қожақанов) жеңімпаз атанды. Екінші орын маңғыстаулықтарға бұйырса, Ақмола облысы Атбасар қаласының №2 орта мектебі үздік үштіктен орын алды.
 


Турнирдің үздіктері:

Үздік қақпашы -  Есіл Ескермес (Алматы қ.),
Үздік қорғаушы -  Артур Юнг (Ақмола обл.),
Үздік жартылай қорғаушы - Жеңіс Жұмалиев (Маңғыстау обл.),
Үздік шабуылшы – Мерей Селбаев (Маңғыстау обл.),
Үздік сұрмерген -  Ербаян Омаров (Павлодар обл.)
Көрермендер көзайымы –  Константин Шыховцев (Ақмола обл.),
Үздік ойыншы – Дәуір Сабырғалиев (Алматы қ.)
 


Үздіктерді "Қайрат" футбол клубының ардагері, Қазақстан футбол федерациясының вице-президенті Сейілда Байшақовтың өзі марапаттап, турнирді одан сайын қызықты етті.

Сондай-ақ марапаттау рәсіміне ҚФФ Балалар-жасөспірімдер департаменті директорының орынбасары Игорь Утробин, Қарағанды футболының ардагері, КСРО спорт шебері, "Шахтер" футбол клубы орталығының жетекшісі Петр Асылбаев, Қарағанды футбол қауымдастығының атқарушы директоры Николай Бублинский сынды майталмандар қатысты.

 

 

Social

/ PFLKAZ

PFLK TV
Array ( [kaz] => news [id] => 1365 )