РУС ҚАЗ
OLIMPBET-футболдан Қазақстан Чемпионаты
x

Жарыстар орталығы

  • OLIMPBET-футболдан Қазақстан Чемпионаты
  • Бiрiншi лига
  • Екінші лига
  • Қазақстан Кубогы
  • Суперкубок
  • Өтпелі ойын

ЖаңалықтарОлжас Абраев

10 Шілде 2012, 18:55

Халықаралық дәрежедегі төреші Бағытбек Көпжасаров өмірден өтті. Мезгілсіз қайтыс болған Бағытбектің қазасына байланысты ойындар бір минуттық үнсіздікпен басталды. Ол жадымызда мәңгілікке қалатын болады.

Іс-сапар барысында мен уәде еткенімдей "Ақтөбе" футбол клубының басшыларымен, сондай-ақ, Орталық стадион әкімшілігімен және "13 сектор" жанкүйерлерімен кездестім. Естеріңізде болса, жақында "Ақтөбеде" жанкүйерлердің түсініспеушілігі орын алған еді. Содан бері жанкүйерлер командасының ойындарына қатыспай келеді. Себептерін еске салып жатудың өзі артықтық болар. Әлбетте, бұл тұрғыда клубтың позициясын да түсінуге болады. Өйткені, жанкүйерлердің өрескелдігінен клуб біраз көлемде айыппұл төлеген. Ал жанкүйерлер бұл қылықтарын командасының нәтиже көрсетпегенімен түсіндіреді.
Кездесу барысында "13 сектор" өкілдері өздерінен жақсы әсер қалдырды.  Әрине, өздерінің өрескелдігі клубтың кездесулерді өз алаңында қабылдаудан айрылуы мүмкін болғандығын түсінеді. Бүгінде жағдай оңалып келеді. Клуб жанкүйерлерге қаржылық көмек көмек көрсетуге дайын. Бірақ бұл үшін жанкүйерлер қоғамдық бірлестік құрулары керек.
Бұл жағдайда Ұлттық лига клубтың шаруасына араласа алмайды. Біз тек кеңес бере аламыз. Иә, Ақтөбедегі жағдайды одан әрі де бақылауымызда ұстап, басшылық пен жанкүйерлер толығымен татуласады деген үміттеміз.
Бұл жағдайдан клубтық менеджмент туралы мәселе тағы да алдымыздан шығады. Әлгіндей проблемалардың қайталанбауы үшін клуб жұмысының деңгейін арттыру қажет. Тарихы бай, еліміздің бірнеше дүркін чемионы мұндай мәселелерге бей-жай қарамауы тиіс. Яғни, менеджмент тұрғысында әлі де жұмыстар жасалуы тиіс.
Алдағы бейсенбіде үш клубымыз Еуропа лигасындағы жауапты ойындарын өткізеді. Әзірге "Ордабасы" мен "Ақтөбенің" келесі кезеңге өтуге керемет мүмкіндігі бар. Ал Талдықорғанның "Жетісуына" сәттілік тілейміз. Польшаның "Лехі" оңай шағылар жаңғақ емес.
Алдымен Талдықорғандағы ойын басталады. "Жетісу" мен "Лехтің" кездесуі сағат 18:00-ге жоспарланған. Одан кейін сағат 20:00-де Алматыда «Ордабасы» және «Ягодина» өз ойындарын бастайды. Екі кездесу де "Ел Арна" телеарнасынан тікелей эфирден көрсетіледі. Ал соңғы болып сағат 21:00-де «Актөбе» мен «Торпедо» алаңға шығады. Өкінішке қарай, Қазақстан ұлттық арнасының техникалық мүмкіндіктеріне байланысты матч тікелей эфирден емес, сағат 23:45-те көрсетіледі.
Біз клубтарымызға сенеміз. Ал Қазақстанның барлық футболсүйер қауымын клубтарымызға жанкүйер болуға шақырамыз.
 

Social

/ PFLKAZ

PFLK TV
Array ( [kaz] => news [id] => 1349 )