ЖаңалықтарКейінге шегерілген кездесулер
03 Шілде 2012, 14:38

Әуерейстерінің кестесін және Еуропа лигасындағы ойындарын Алматыда өткізетінін ескерген Ұлттық футбол лигасының басшылығы 16-тур аясындағы "Ордабасы" - "Қайсар" кездесуін кейінге қалдыруды ұйғарды. Матчтың қашан өтетіндігі жайында қосыма хабарланады.
"Шахтер" (Қарағанды) футбол клубының Чемпиондар лигасының 2-кезеңіне қатысатынын ескерген Ұлттық футбол лиганың басшылығы 17 тур аячсындағы "Шахтер" - "Оқжетпес" (Көкшетау) кездесуін 14 шілдеден 13 шілдеге ауыстырды. Сәйкесінше дубльдік құрам арасындағы кездесу 12 шілде күні өтеді.