РУС ҚАЗ
x

Жарыстар орталығы

  • Екінші лига
  • OLIMPBET-Чемпионаты
  • Бiрiншi лига
  • OLIMPBET-Кубогы
  • OLIMPBET-Суперкубогы
  • Өтпелі ойын

ЖаңалықтарАйталап Қорғамбаев Астана футбол федерациясының президенті болып сайланды

14 Мамыр 2012, 20:42

Жиынға қалалық футбол белсенділері мен ҚФФ менеджменті толық қатысты. Атап айтсақ, вице-президенттер Сейілда Байшақов пен Михаил Гурман сынды белгілі тұлғалар қатысып, "Астана" футбол клубының вице-президенті Алмас Көкімбаев шараның басты спикері болды.
 

Мәслихат аясында ЗТБ мүшелері мына мәселелерді талқылады:
1) "Астана қалалық футбол федерациясы" ЗТБ президентін сайлау;
2) Атқару комитетінің мүшелерін сайлау.

Бірінші мәселе бойынша алдымен үміткерлер тізімі түзілді. Содан кейін дауыс беру кезеңінде бірауыздан Астана қаласы Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының төрағасы Қорғамбаев Айталап Қалабайұлы жаңа президент болып сайланды.
 

Екінші мәселе де осы жүйе бойынша шешілді. Құпия дауыс беру рәсімінде аймақтық федерация атқару комитетінің мүшелері сайланды.
 

Жиынның соңғы бөлімінде сөз кезектері ҚФФ вице-президенттеріне беріліп, олар өз кезегінде Астана футбол федерациясының жаңа жаңа басшысын құттықтап, ақ жол тіледі.
"Астана қаласы футбол федерациясы" ЗТБ-ның қайта сайланған президенті Айталап Қорғамбаев жиналғандарға қарап, былай деп мәлімдеме жасады:
- Маған дауыс бергендеріңіз үшін сіздерге алғысым шексіз. Астана футбол федерациясының президенті болу бір жағынан құрмет болса, бір жағынан машақат, жауапкершілігі мол жұмыс. Астана ақырындап Қазақстан футболының ошағына айналуда. Демек, бізге артылар жүк те жеңіл емес. Бізге бәрі де үміп артады. Сондықтан, барлығының сенімінен шығып, үміттерін ақтау үшін барынша тырысуымыз керек. Астана да басқа нәрселермен қатар, спортқа, оның ішінде футболға да ерекше көңіл бөлінеді.
Әділбек Жақсыбеков бастаған Қазақстан футбол федерациясы аймақтық және бұқаралық футболға ерекше көңіл бөлетінін білеміз. Федерация уақыт өткен сайын балалар және жасөспірімдер додасын көптеп ұйымдастыруда. Бұл, әрине, қуантпай қоймайды. Турнирлерлд ұйымдастыру жұмыстарының сапасы да жыл өткен сайын жақсарып келеді. Мен мұны ҚФФ менеджментінің біліктілігі деп білемін.
Осыған дейін көп нәрсе жасалды. Қалада инфрақұрылымы дұрыс жолға қойылған спорттық обьектілер жетерлік. Біздің мақсатымыз - қаланың инфрақұрылымдық мүмкіндіктері мен қажеттіліктерін бір арнаға тоғыстыру. Мен өз тарапымнан Астана футбол федерациясы өзге аймақтарға үлгі болуы үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз".

Өмірбаяндық анықтама

Қорғамбаев Айталап Қалабайұлы
Кургамбаев Айталап Калабаевич

1974 жылы 30 маусымда Қызылорда облысы Қазалы ауданы Жаңа Қазалы ауылында дүниеге келген. Ұлты қазақ. Родился 30 июня 1974 года в поселке Ново- Казалинск Казалинского района Кзыл-Ординской области. Казах. Жезқазған қаласындағы О.А. Байқоңыров атындағы жоғары оқу орнында "Өнеркәсіп және азаматтық құрылысы" мамандығын иеленген. Одан кейін Қазақтың спорт және туризм академиясында "Дене тәрбиесі және спорт" мамандығы бойынша білім алған.


Партиясы: 1999 жылдан бері «Нұр-Отан» Халықтық-демократиялық партиясында.



1996 жылдан – Жезқазған қаласындағы О.А. Байқоңыров атындағы жоғары оқу орнында Дене тәрбиесі кафедрасының ассистенті.
1998 жылдан – Жезқазған университеті Дене тәрбиесі кафедрасының аға оқытушысы.
2001 жылдан – ҚР кикбокс және айқастық өнер федерациясының жаттықтырушысы.
2002 жылдан – кикбокстан ҚР мемлекеттік жаттықтырушысы.

2003 жылдан – ҚР Туризм және спорт агенттігі "Штаттағы ұлттық командалар дирекциясы және спорттық резерві" (ШҰКД және СР)  Олимпиадалық емес және қысқы спорт түрлері бөлімінің аға маманы.
2004 жылдан -  ШҰКД және СР Олимпиадалық емес және қысқы спорт түрлері бөлімінің басшысы,
2005 жылдан – ШҰКД және СР жазғы олимпиадалық спорт түрлері бөлімінің басшысы,
2005-2006 жылдар - ШҰКД және СР спорт басқармасының басшысы.
2006 жылдан - "Медеу" спорт кешенінің (Алматы қ.) директоры.
2008 жылдан бүгінге дейін – Астана қаласы Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының бастығы.
2012 жылдың мамырынан бастап — "Астана қаласы футбол федерациясы" ЗТБ президенті.


Кикбокстан спорт шебері.
ҚР еңбек сіңірген бапкері (2004 ж.)
 

Social

/ PFLKAZ

PFLK TV
Array ( [kaz] => news [id] => 1252 )