РУС ҚАЗ
x

Жарыстар орталығы

  • OLIMPBET-Чемпионаты
  • Бiрiншi лига
  • Екінші лига
  • OLIMPBET-Кубогы
  • OLIMPBET-Суперкубогы
  • Өтпелі ойын

ЖаңалықтарТимур Санжарұлы Сегізбаев 71 жасқа келді!

12 Мамыр 2012, 13:51

Денсаулыңыңыз мықты болып, отбасыңыздың берекесін көріңіз, қымбатты Тимур аға!

***

Тимур Сегізбаевтың футбол ғұмырын қысқаша жазған күннің өзінде бірнеше газет бетінің өзі аздық етер еді. Тимур Санжарұлы 1941 жылдың 12 мамырында Семей қаласында дүниеге келген. Ал футболшы ретінде таныла бастаған кезі 1960 жылдар. Елуінші жылдардың соңында Тбилисиде өткен КСРО оқушыларының Спартакиадасында мынадай қызық жағдай орын алған. Ойындардың бірінде армениялық құрдастарынан 0:5 есебімен жеңіліп жатқан Қазақстан құрамасын өзінің бес голымен Тимур Сегізбаев құтқарып қалған екен. Айта кетейік, Сегізбаев футболшы ретінде еліміздің бас командасы "Қайрат" сапында, 60-жылдардың басында аталмыш командамен бірге қалыптасқан. "Қайраттың" КСРО біріншілігі А классындағы турниріндегі алғашқы жеңісінің себепкері де Тимур Санжарұлы. Минскіде "Белорусь" қақпасына екі гол соғып, Алматының командасын жеңіске бастап берген екен. Ал "Лужники" стадионында "Спартак" қақпасына екі гол соққан кезде келесі күні көптеген газеттер "Тимур және оның командасы" деген тақырыппен шығыпты. Содан бір жыл бұрын Тимур Сегізбаев "Футболдан КСРО-ның спорт шебері" атағына қол жетікзген еді.
Жетпісінші жылдары, 29 жасында Тимур Санжарұлы бутсасын шегеге іліп, бапкерлік қызметке ауысты. Алғашқы жаттықтырған клубы - Қызылорданың "Автомобилист" командасы. Содан кейін Қарағандыда жұмыс жасап, 1973 жылы "Қайрат" командасының тізгінін қолына алды. Алматылықтармен алты жыл бірге болып, Йеменге аттанады. Ол жақта Сегізбаевтың ұсынысымен стадион салынып, соның арқасында Йемен ұлттық құрамасы Азия және әлем чемпионаттарының іріктеу додаларына қатысуға мүмкіндік алды. Ол жаққа біраз еңбегін сіңірген Тимур аға "Қайратқа" қайта оралады. Бұл кезде Алматы қаласы клубының сапында Вахид Масудов, Евгений Яровенко, Евстафий Пехлеваниди, Фанас Салимов, Құрбан Бердыев Антон Шох, Сергей Волгин сынды таланттар шоғырланып қалған еді. Сөйтіп, 1987 жылы "Қайрат" КСРО біріншілігінде 7-орын алып, өз тарихында бұған дейін жетпеген жетістікке қол жеткізді. Бапкерлік ғұмырын аяқтағаннан кейін де Тимур Санжарұлы футболдан кеткен жоқ. Қазақстан футболының аңызы алдымен Қазақстан Республикасы футбол қауымдастығында, одан кейін Қазақстан футбол одағында еңбек етті.
 Әлбетте, Тимур Санжарұлының еңбегі ескерусіз қалған жоқ. 1997 жылы Ресей президенті Борис Ельцин Ресей футболының жүз жылдығына орай өткен шарада арнайы орденмен марапаттады. 2001 жылы 60 жастық мерейтойында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі арнайы құттықтап, алғысын білдірді. Ал 2004 жылы Сегізбаевқа "ҚР құрметті спорт қайраткері" атағы берілді. Бір жыл бұрын  Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитеті Тимур Санжарұлы арнайы орденмен марапаттады.

 

Social

/ PFLKAZ

PFLK TV
Array ( [kaz] => news [id] => 1249 )