РУС ҚАЗ
x

Жарыстар орталығы

  • OLIMPBET-Чемпионаты
  • Бiрiншi лига
  • Екінші лига
  • OLIMPBET-Кубогы
  • OLIMPBET-Суперкубогы
  • Өтпелі ойын

ЖаңалықтарҰФЛ директоры Олжас Абраев EFPL самитінде

10 Мамыр 2012, 17:23

EPFL өткізген Саммиттің басты мақсаты Ресей Премьер-лигасымен серіктестік орнату және Шығыс-Еуропа лигаларында кездесетін мәселелерді талқылау болатын.

ҰФЛ директоры аталмыш Саммит туралы былайша түсініктеме берді:
— Шығыс Еуропа клубтарының проблемалалары бір-бірінікіне ұқсас. Бұл клубтардың құрылымдық жүйелеріне де, атқаратын қызметтеріндегі проблемаларына да қатысты. Міне, Саммитте осы мәселелер талқыланып, футболдағы менеджмент, маркетинг стадион кешендеріндегі жұмыстар, матчтар кезіндегі қауіпсіздік мәселелері қарастырылды. Саммитте футболды комерциализациялау, билетерді сату жүйелерін ретке келтіру, қонақтарды қабылдау, медиа әлемінде жұмыс жасау, демеушілерді тарту және тағы басқа менеджменттік шаруалар жайына да ерекше көңіл бөлінді. 

 

— Ал Саммитте танымал футбол функционерлерінен кімдер сөз сөйледі?
— РФПЛ -дегі осы мәселелер жөнінде Сергей Прядкин баяндама жасады. EPFL төрағасы Дэйв Ричардс қызықты тезистерімен бөлісті. А сериясының директоры Марко Брунелли мен Голландия лигасының директоры Франк Руттен де қызықты баяндамалар жасады. Спорттық объектілерді эсплуатациялаудың ерекшеліктері жөнінде атақты "Донбасс Аренаның" директоры Александр Атаманенко баяндап берді. Сондай-ақ, ол стадионды басқару жүйесі туралы және матчтарға билет сату тұрғысында қызықты ұсыныстарды айтты. Бұл бүгінгі таңдағы ең күрделі мәселелерді бірі. Шынын айтқанда, бүгінде Еуро немесе әлемдік дода қарсаңында ірі стадиондар көптеп салынады да, турнир біткен соң оның барлығы ешкімге керексіз болып қалады. Стадиондардың жобасын жасағанда оның функционалдық қызметін де ескеріп, матч өтпейтін кездері оны қандай игіліктерге пайдалануға болатынын да алдын ала ойластыру керек.

 

— Көтерілген тақырыптардың қайсысы біз үшін қызықты болды?
— Бұл біріншіден теле-серіктестермен байланыс орнату жөніндегі жұмыстар. демеушілер тарту, спорттық кешендерді эксплатациялау тұрғысындағы барлық шаруалар. Көбісін өзімнің қойын дәптеріме түртіп алдым. РФПЛ-мен 2006 жылдан бері бірлесе жұмыс жасайтын Ресейдің НТВ+ арнасының өкілдері матчтарды трансляциялаудың қиындықтарын айтып берді. Басты проблема - ареналарда матчтарды эфирден таратуға лайықты жағдайдың жасалмауында көрінеді. Марко Брунелли Италия стадиондарындағы Ultras-тармен қалай күресетіндіктерін айтып өтті. Футбол бар ашуыңды сыртқа шығаратын жер емес, отбасылық мереке болуы қажет. Стадиондарда жанкүйерлік таныту қауіпке айналғандықтан соңғы жылдары трибуналарда көрермендер азайып кетіпті.
  Жақын арада біз шетелдік компаниялардың директорларымен серіктестік мәселесі жөнінде кездесулер өткізбекпіз.

Social

/ PFLKAZ

PFLK TV
Array ( [kaz] => news [id] => 1245 )