РУС ҚАЗ
Бiрiншi лига
x

Жарыстар орталығы

  • OLIMPBET-Чемпионаты
  • Бiрiншi лига
  • Екінші лига
  • Қазақстан Кубогы
  • OLIMPBET-Суперкубогы
  • Өтпелі ойын

ЖаңалықтарБолгариялық бапкер «КАСПИЙ» командасын жаттықтырады

28 Сәуір 2012, 23:13

Бірінші лиганың басталуы біразға созылып кетті. Сөйтіп, 28 ақпанда Премьер-лиганың екі жолдамасына 16 команда таласатын болып шешілді. Ал ақтаулықтар жаңа маусымдағы өздерінің алғашқы матчын өз алаңында Өскеменнің "Востогына" қарсы өткізеді.

Жаңа маусымға дайындығын «Каспий» жаңа жылдан кейін-ақ бастап кетті. Осы аралықта командада 50-ден астам футболшылар сынақтан өтіп, Ресей, Түркия, Польша, Грузия, Украина сынды елдердің клубтарына қарсы 15 жолдастық кездесу өткізді.

Өткен жылмен салыстырғанда бапкерлер құрамында біраз өзгерістер орын алды. Нәтижесінде, тұңғыш рет Қазақстан клубының тізгінін Болгария маманы қолына ұстайтын болды. Жаңа маусымға команданы Димов Радостин Димчев бастап шығады.

Өзінің бапкерлік ғұмырын Димов "Черно Море" клубында бастаған. Одан бөлек, "Добруджа", "Черноморец" сынды клубтарды жаттықтырған. Ал "Каспийге" "Светкавице" клубынан ауысып келді. Қазірдің өзінде бұл маман өзінің еуропалық көзқарасымен, ерекше жаттықтыру мәнерімен жергілікті футболшылардың көңілінен шығып отыр.

Команда құрамына келер болсақ, қақпаға Болгарияның "Берое" клубынан Мартин Теменлиев шақыртылды. Қорғаныс шебіне Станислав Иванов шақыртылды. Бұл футболшы мұның алдында "Спартактың" (Болгария) намысын қорғаған екен. Сондай-ақ, бұрындары "Каспий" жейдесінде өнер көрсеткен Федер Симиниди, Шыңғыс Әбуғалиев, Роман Кисметов сынды футболшылар командаға қайта оралды. Жаңадан шақыртылған тәжірибелі ойыншылар да аз емес. Олардың қатарында жартылай қорғаушылар Андрей Шумара мен Максим Казначеев сынды сайыпқырандар да бар. Ал  Айдарбаев Нұршуақ, Жақыпов Жоламан және Наурызбаев Жексенбай сыды дарындар клуб жейдесін алғаш рет кимек.

Бір сөзбен айтқанда команда құрамы 50 пайызға жаңартылды.
Ал команданың болашағына сеніммен қарайтын басшылық бар үмітті болгар маманына артуда.



«Каспий» ФК баспасөз қызметі
www.fccaspy.kz

 

Social

/ PFLKAZ

PFLK TV
Array ( [kaz] => news [id] => 1232 )