РУС ҚАЗ
OLIMPBET-Чемпионаты
x

Жарыстар орталығы

  • Бiрiншi лига
  • OLIMPBET-Чемпионаты
  • Екінші лига
  • OLIMPBET-Кубогы
  • OLIMPBET-Суперкубогы
  • Өтпелі ойын

ЖаңалықтарОлжас Абраев: 7-тур қорытындысы

24 Сәуір 2012, 18:09

Орай келіп тұрғанда "Қайсар" және "Оқжетпес" футбол клубтарын алғашқы жеңістерімен құттықтап өтейін. Бұл командалар біріншілікті сәтсіз бастады. Сондықтан да, бұлар үшін жеңістің құны алтынмен тең. 
Біздің серіктестеріміз — "Хабар" агенттігі мен "Қақақстан" РТРК жетінші тур аясындағы екі тамаша матчты көрермендерге тарту етті. Бірақ, өкінішке қарай, барлық аймақтан тікелей эфир жүргізуге телеарналарымыздың әлі мүмкіндігі жоқ. Сондықтан, телекөрермендер біріншіліктің барлық матчын телеарнадан тамашалай алмайды. Дегенмен, бұл тұрғыда жұмыстар жасалып жатыр. Алдағы уақытта бұл жағдайдан шығудың жолын бірлесе қарастырамыз.
 

"Тараз" футбол клубы биыл бірінші рет қонақтарды Орталық алаңда қабылдады. Нәтижесінде, стадионға 11 мыңнан астам көрермен жиналды. Бұл биылғы жылдың рекордтық көрсеткіші. Көрермендердің футболға деген қызығушылығы тур өткен сайын арта береді деген үміттемін. Жалпы,  жергілікті жанкүйерлер ойын қорытындысына да, матч барысына да көңілдері толған шығар. Кездесу шынымен де тартысты өтті.
 

"Атырау" өз алаңында "Шахтерден" жеңілді. Клуб қонақтарды резервтік алаңында қабылдауды әлі де жалғастыруда. Өйткені, "Мұнайшы" стадионында күрделі жұмыстар жүріп жатыр. Күрделі жұмыстар аяқталған соң тағы да тексеріс өтіп, соның қорытындысы бойынша, бұл стадионның Премьер-лига ойындарын қабылдар-қабылдамасы шешілетін болады.


Қаскелеңнің "Сұңқары" да стадион проблемасын бастан кешіп жүр. Қаскелеңдегі өз аренасы инфраструктураға байланысты регламенттегі талаптарға мүлдем жауап бермейді. Сондықтан, "Сұңқар" қонақтарды Алматының "Динамосында" қабылдады. Енді қаскелеңдіктер биылғы жылы өз алаңындағы ойындарын осы стадионда өткізетін шығар. "Тобылмен" өткен ойынның тең аяқталғанын да айта кеткеніміз жөн.
 

Осы тур алдында Талдықорғанда клуб басшылығы ауысты. "Жетісу" директоры болып Бақыт Онланбекұлы тағайындалды. Бұл маман Алматы облысы әкімініңі кеңесшісі қызметін атқара жүріп те "Жетісуға" байланысты мәселелердің басы-қасында жүретін. Бұл жолы өз алаңында "Ақжайықты" қабылдаған "Жетісу" 1:2 есебімен жеңіліп қалды. Сөйтіп, бұл жеңіс "ақжайықты Премьер-лига турнирінің шыңына шығарды. Ал көш соңында — "Оқжетпес". Дегенмен, "Астана-Арена" стадионында жеңіске жеткен көкшетаулықтар да әлі өз өнерлерін барынша паш етері сөзсіз.

Social

/ PFLKAZ

PFLK TV
Array ( [kaz] => news [id] => 1225 )