РУС ҚАЗ
Премьер-лига
x

Жарыстар орталығы

  • Премьер-лига
  • Бiрiншi лига
  • Екінші лига
  • Қазақстан Кубогы
  • Суперкубок
  • Өтпелі ойын

ЖаңалықтарОлжас Абраев: "Павлодарлық жанкүйерлерге ризамын"

20 Сәуір 2012, 15:20

Павлодарға барған сапарым Премьер-лиганың 6-турына тұспа-тұс келіп, "Ертіс" - "Сұңқар" ойынын стадионнан тамашалай алдым. Сонда "Ертіс" футбол клубының басшылығымен және Павлодар облыстық футбол федерациясы қауымдастығының вице-президентімен кездестім.
 

Сонымен, бұл сапардан мынадай ой түйіп қайттым:
Өзге аймақтардан көрген кемшіліктер мұнда да бар екен. Атап айтар болсам, клубтық менеджменттің деңгейін көтеру керек. Клубтың құрылымдық бөлімдерінің өзара байланысы әлсіз. "Ертісте" маркетинг жөніндегі маман атымен жоқ. Бұл тұрғыда жұмыстар жүргізіліп жатыр деп те айта алмаймыз. Баспасөз қызметінде де кемшіліктер көп. Ресми сайты "жалаңаш". Жанкүйерлер мен тілшілер ақпаратты қайдан аларларын білмей дал. Алдағы уақытта ҚФФ-тың баспасөз қызметі "Ертістің" бұл мәселесіне шешуге көмектесетін болады. Спорттық жетістіктері сүйсіндіргенімен менеджменттік мәселелерді тез арада шешу керек.
 

Балалар және жасөспірімдер футболы жайлы айтар болсақ, бұл өте маңызды жүйе екенін ескеруіміз керек. Дегенмен, "Ертісте" де бұл мәселе өзге аймақтар секілді облыстық футбол мектептерімен серіктестік арқылы дамуда екен. Әлбетте, клубқа бұл жағдайдың ыңғайлы екенін түсінеміз, дегенмен, УЕФА-ның талаптарына сәйкес, "Ертіске" де бұл тұрғыда көзқарасты өзгертіп, өз клубының аясында кәсіпқой футболшыларды даярлайтын мектептер ашу керек.

    Сапар барысында Павлодар облыстық футбол федерациясының вице-президенті И.В. Веретновпен тұңғыш рет кездестім. Облыстық футбол федерацияның клубтың ішкі тіршілігіне белсенді араласып, команданың тағдырына бей-жай қарай алмайтындығы қуантты. Сондай-ақ, облыста бұқаралық футболды дамытуға бағытталған бірнеге жобалар іске қосылыпты.
 

Енді стадион жайында. Жасыратыны жоқ, көз сүйсінтті. Тек бір ғана кемшілігі - пластикалық орындықтары әбден ескіріп, жаңалауды қажет етіп тұр екен. Дегенмен, стадион директоры А.М. Қабиевтің айтуынша, биылдан кешікпей бұл мәселені реттеу қолға алынбақшы. Сондай-ақ, шығыс және батыс трибуналарына күнғағарлар орнату көзделуде. Жақын уақытта стадионның ішкі бөлігінде күрделі жұмыстар жүргізілмек. Өткен жылы "Ертістің" өз алаңындағы ойындарына кем дегенде 4500 көрерменнен жиналып отырған. Биыл бұл көрсеткіш 5500 адамға дейін өсіпті. Жалпы, стдаионды керемет әсерге бөлеген павлодарлық көрермендерге айтар алғысым шексіз.
 

Дегенмен, стадион көрерменге жүз пайыз толы болса екен деген тілегіміз бар. Клуб басшылығы көрермендерді тарту үшін барлық шараларды, қолдан келген нәрселердің барлығын атқару керек. 

 

Фото авторы- Жумағали СЕЙТЕНОВ

Social

/ PFLKAZ

PFLK TV
Array ( [kaz] => news [id] => 1219 )