ЖаңалықтарСтахивке жеңілдік жасалды
18 Сәуір 2012, 15:33

18 сәуір күні өткен Тәртіптік-бақылау комитетінің мәжілісінде Александр Стахивтің мәселесі қарастырылды. Естеріңізге сала кетейік, ТБК Стахивке 5 матчтық дисквалификация белгіленген болатын. Алайда, "Қайсар" футбол клубы ойыншының жазалау мерзімін қысқарту туралы өтініш білдірген. Өтініштері қабыл болып, Стахивтің 5 матчтық жазалану мерзімі үшеуге қысқарды. Қосымша ретінде 6 айлық сынақ мерзімі белгіленді.