РУС ҚАЗ
x

Жарыстар орталығы

  • OLIMPBET-футболдан Қазақстан Чемпионаты
  • Бiрiншi лига
  • Екінші лига
  • Қазақстан Кубогы
  • Суперкубок
  • Өтпелі ойын

ЖаңалықтарҚазақстан мен Австрия серіктестігі нығайды

17 Сәуір 2012, 16:51

Кездесу барысында екі елдің футболдық тұрғыдағы серіктестік мәселесі кеңінен талқыланды. Атап айтсақ, қазақстандық командалардың Австрияда оқу-жаттығу жиынын өткізу мәселесі және екі елдің жастар және жасөспірімдер құрамаларының Қазақстандағы және Австриядағы халықаралық турнирлерге қатысу мүмкіндіктері қарастырылды. 
 

Сондай-ақ, 2014 жылғы әлем чемпионаты іріктеу турнирі аясындағы ойындардың ұйымдастырылу мәселелері де көтерілді. Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан мен Австрия ұлттық құрамалары бұл жолы да бір топқа түскен болатын.

Өте достық пейілде, кең көңілде өткен кездесуде екі тарап Қазақстан мен Австрия футболы арасындағы серіктестіктің ең тиімді жолдарына та алды. 
 

Сонымен қатар, кездесуге АФҚ-тың қаржы және ұйымдастырушылық жөніндегі директоры Бернхард Неухолд пен ҚФФ-тың халықаралық департаментінің басшысы Қуаныш Қанапьянов та қатысты. .

Social

/ PFLKAZ

PFLK TV
Array ( [kaz] => news [id] => 1215 )