РУС ҚАЗ
OLIMPBET-Чемпионаты
x

Жарыстар орталығы

  • OLIMPBET-Чемпионаты
  • Бiрiншi лига
  • Екінші лига
  • OLIMPBET-Кубогы
  • OLIMPBET-Суперкубогы
  • Өтпелі ойын

ЖаңалықтарКөрермендер көбейіп келеді

10 Сәуір 2012, 17:29

Қазақстан біріншілігінің 5-тур стадионда көрермендердің көп болуымен ерекшеленді. Әлбетте, әзірге еліміздің барлық командалары негізгі стадиондарына көшкен жоқ. Дегенмен, нағыз жанкүйерлер футболшыларын қай стадионда болса да, демеуге әзір. Мәселен, Талдықорғанда өткен "Жетісу" - "Тараз" кездесуі биыл бірінші рет алаң иелерінің негізгі стадионында өтіп, трибунада бос орын болмады десек те болады.
«Астана-Аренадағы» "Астана" - "Ертіс" кездесуінде де көрермендер көп болды. Ойынды 8000 адам тамашалапты. Бұл "Астананың" өткен жылғы көрсеткіштерінен әлдеқайда көп. "Астана" басшылығының көрермендерді тарту стратегиясы өз жемісін беріп жатқаны қуантады. Айта кетерлігі, бұл ойында "Ертіс" те жанкүйерсіз болған жоқ. Павлодардан ат артып келген көрермендер матч бойы жерлестеріне жанкүйерлік танытып отырды.
Командасымен бірге түздегі ойынға да баратын көрермендердің көбейіп келе жатқаны қуантады.
Дегенмен "Оқжетпес" футбол клубының қосалқы стадионы алдағы турда көрерменсіз қалуы мүмкін. Стадион трибунасына байланысты ескертулеріміз сол куйі орындалмай тұр. Бұл жерде көрермендердің қауіпсіздігін басты орынға қойып отырмыз. "Жастар" стадионына қатысты бұл мәселеге байланысты шешімді бірер күнде арнайы комиссия шығаратын болады.
Ал "Ордабасы" жанкүйерлерін қуантқымыз келеді. Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадионды тексеруге барған ҚФФ-тың арнайы комиссиясы біршама кемшіліктерді байқаған. Алайда, стадион басшылығымен бірлескен Клуб менеджменті дер кезінде бұл олқылықтардың орындарын толтырды. Дәл қазіргі таңда стадионның жарық беру мачталары қайта қалыпқа келтіріліп, жұмыстардың жүріп жатқанына байланысты батыс трибунасы уақытша жабылды. Демек, 6-турдағы "Ордабасының" өз алаңындағы ойынын шымкенттіктер "Орталық" стадионнан тамашалай алатын болады. Рас, стадионның жасыл желегіне байланысты кемшіліктер әлі де бар. Бірақ стадион басшылығы бұл мәселенің жақын арада өз шешімін табарына сендірді. 

Енді кеңестік-сараптамалық жұмысымның аясында 15 сәуірде Павлодарға ұшамын.
 

Social

/ PFLKAZ

PFLK TV
Array ( [kaz] => news [id] => 1203 )