РУС ҚАЗ
x

Жарыстар орталығы

  • OLIMPBET-Кубогы
  • OLIMPBET-Чемпионаты
  • Бiрiншi лига
  • Екінші лига
  • OLIMPBET-Суперкубогы
  • Өтпелі ойын

ЖаңалықтарҚФФ Атқару комитетінің мәжілісі өтті

30 Наурыз 2012, 12:02

Бірінші лигаға тіркелген жаңа командалар — "Бәйтерек" (Астана) пен "БИІК" (Шымкент). Қатысушы клубтардың көбеюіне байланысты ел кубогының жүйесі де өзгерді. Енді кубоктық доданың іріктеу кезеңінен айналып өту құқығына 2011 жылғы доданың финалистері ғана ие болады. Ал бұрын іріктеу кезеңіне жартылай финалға жеткен командалар да айналып өтетін. Біріншілікке қатысатын командалардың көбеюі, әлбетте ойындар кестесінің де түбегейлі өзгеруіне әкеліп соқтырды.
Сондай-ақ, ҰФЛ аясындағы біріншіліктердің жазғы трансферлік маусымының мерзімі де бекітілді. Биыл жазғы трансферлік кезең 15 маусымнан 12 шілдеге дейін жалғасады.
Сонымен қатар, ҚФФ аясындағы матчтарға қызмет ететін төрешілер мен инспекторлардың құрамы да бекітілді. Оларды ойындарға тағайындау тәртібі де өзгертілді. Атқару комитетінің мүшелері Төрешілер комитетінің құрамын да бекітті.
Бұлардан бөлек, аймақтық футбол федерацияларынан түскен құжаттарды рәсімдеу мәселесі де келісілді.
 

Social

/ PFLKAZ

PFLK TV
Array ( [kaz] => news [id] => 1187 )