РУС ҚАЗ
OLIMPBET-Чемпионаты
x

Жарыстар орталығы

  • OLIMPBET-Чемпионаты
  • Бiрiншi лига
  • Екінші лига
  • Қазақстан Кубогы
  • OLIMPBET-Суперкубогы
  • Өтпелі ойын

ЖаңалықтарҰФЛ директоры Олжас Абраевтың жаңа футбол маусымы жайлы пікірі

19 Наурыз 2012, 16:42


 

«Біріншіліктің басталуына аз қалғанда Премьер-лига клубтары үшін трансферлік кезең мәресіне жетті. Ойыншыларды тіркеу кезеңінің қорытындысына сүйене отырып, клубтар өз сапына қосуды жоспарлаған барлық футболшыларын тіркеп үлегрді деуге болады.
Егер өткен жылдармен салыстырар болсақ, құжаттық тәртіп жөнінен ілгерілеушілік байқалады. Клубтар Қазақстаннан болсын, шетелден болсын, жоғары деңгейдегі білікті мамандарды жиі шақыруда. FIFATMS жобасының да жұмысы жақсарды. Осы жүйе арқылы біз 64 трансферлік сертификатқа ие болдық. Жыл өткен сайын Қазақстанға келіп жатқан "еркін ойыншы" статусындағы футболшылар саны азайып келеді. Яғни, клубтарымыз сұранысқа ие футболшыларға құда түсуде. Бұл дегеніміз, Қазақстан чемпионаты да қызықты болып келеді деген сөз.

Суперкубоктік текетірес өткен күні клуб басшылары Лига кеңесінің биылдыққа бірінші кездесуінде бас қосты. Жиынның басты мәселесі ҚР футбол біріншілігінің регламентіне өзгерістер мен толықтырулар енгізілу жайы болатын.
Сөйтіп, Лига кеңесі шешімінің жүзеге асуы мәселесінің жарқын механизмі жасалды. Бір айта кетерлігі - қандай да бір мәселе немесе дау болса да, клуб басшыларының бірлесе шешуге тырысатындығы қуантты. Жиын қорытындысы бойынша, ел біріншілігі регламентінің легионерге қарасты бөлімін қайта қарастыру жайындағы мәселе ҚФФ атқару комитетіне жіберілді. Сонымен, матч хаттамасына алты ойыншы тіркеуге болатыны жайында шешім қабылданды. Дегенмен, алаңда бір мезетте ойнайтын легионерлер саны сол бұрынғысынша қалды. Яғни, бапкерлер бір мезетте алаңға бесшетелдік ойыншыны шығаруға құқылы. Лига кеңесінің екінші ұсынысы жастар жайы болды. Бұл мәселеге де Атқару комитеті түсіністікпен қарап, матч хаттамасына 1990 жылға дейінгі екі жас ойыншыны қосуға болатындығы туралы шешім қабылданды. Дегенмен, алаңда ір клубтан бір жас ойыншы міндетті түрде ойнауы керек деген пункт өзнгеріссіз қалды.
 

Social

/ PFLKAZ

PFLK TV
Array ( [kaz] => news [id] => 1163 )