РУС ҚАЗ
Премьер-лига
x

Жарыстар орталығы

  • Премьер-лига
  • Бiрiншi лига
  • Екінші лига
  • Қазақстан Кубогы
  • Суперкубок
  • Өтпелі ойын

Жаңалықтар«Қайсар» қарымды құрамын жасақтауда

20 Ақпан 2012, 11:32

"Белшина" клубына қарсы өткен ойында тәжірибе өз жемісін берген жоқ. Қарсылас команданың басымдығы білініп, жерлестеріміз 0:2 есебімен жеңілді. Бұл ойында "Қайсар" бапкерлері өздерін көрсерткісі келген легионерлерге алаңға шығуға мүмкіндік берген. Белгілі болғандай, легионерлердің барлығы бідей Қазақстан премьер-лигасына жарай бермейді екен. Сондықтан Өзбекстанның "Машалына" қарсы өткен ойында "Қайсар" құрамы едәуір өзгерді. Алаңға Таңатқанов, Балтаев, Ысқақов, И. Фомичев, Әбуов, Меңліқожа, Эсатов, Шмаков, Тағыберген, Эдейпо, Атс сынды саңлақтар шықты.

Ойын басында өзбек ұжымы белсенділік танытып, есепті де бірінші болып ашты. Алайда қызылордалықтар үзіліске дейін-ақ есепті теңестіріп, тіпті таразы басын өздеріне қарай аудары үлгерді.Алдымен Филип Эдейпоның керемет пасынан кейін Пурье Атс есепті теңестірсе, артынша эстон легионері Пурье Эдейпоны қақпашымен жеке-дара шығарды. Мұндай мүмкіндікті нигериялық шабуылшы мүлт жіберген жоқ.

Екінші таймда Атстың орнына Габедев, Әбуовтың орнына Дощанов шықты. Дегенмен, команданың ойын өрнегі, алаңдағы жағдай еш өзгерген жоқ. Тізгін қызылордалықтардың қолында болды. Шабуыл шебінде де футболшыларымыз үстемдік құрды. Нәтижесінде, Асқат Тағыберген есепті 3:1-ге жеткізді. Бұдан кейін қарсыластың "Қайсарды" қуып жетулеріне мүмкін емес еді. Үшінші голдың авторы да алаңдағы орнын босатып, оның орнына Сүйіндік Көшеков шықты. Сүйіндік те командасына пайдалы қызмет етті.
Дегенмен, айта кетейік, бұл ойында өзбектер алаңға жартылай резервтік құраммен шыққан еді.


fckaysar.kz
 

Social

/ PFLKAZ

PFLK TV
Array ( [kaz] => news [id] => 1106 )