РУС ҚАЗ
OLIMPBET-Чемпионаты
x

Жарыстар орталығы

  • OLIMPBET-Чемпионаты
  • Бiрiншi лига
  • Екінші лига
  • OLIMPBET-Кубогы
  • OLIMPBET-Суперкубогы
  • Өтпелі ойын

Жаңалықтар"Тобылдың" жаңа төрт ойыншысы

17 Ақпан 2012, 10:19

Ресми түрде қостанайлықтардың сапын Дмитрий Карпов, Даниил Рихард, және бразилиялық қорғаушы Джоннес Маркес-Де Соуза толықтырды. Сондай-ақ, жергілікті футбол түлегі Артем Делинің де келісімшарты ұзартылды.

«Тобыл» әйтеуір, үшінші қақпашысын да тапты. Үміткерлерді ұзақ таңдаған "Тобыл" бапкерлері ақыры Даниил Рихардты таңдады. (27.02.1974). Украина өкілі біздің елде Қарағандының "Шахтерінде", Көкшенің "Есіл" және "Оқжетпес" клубтарында, Қызылжардың "Есіл" клубында, Керекудің "Ертісінде" және Алматының "Қайратында" өнер көрсеткен.

Жаңа футболшылардың ішінде қазақстандық жанкүйерлерге бразилитялық қорғаушы Де Соузаның (22.04.1984 ж.т.) есімі таңсық екені рас. Бойшаң ойыншы (194 см), алаңды керемет сезінеді. Бұдан бөлек, Де Соузаның өмірбаянында екі аяқпен де пастарды керемет асырады делінген. Қорғаныстың кез-келген шебінде өнер көрсете алады. Өзінің "еуропалық" футбол ғұмырында Словенияның "Целье" және "Домзал" (2005-2007 жылдар) клубтарында, Латвияның "Металлург Лиепай" (2010) командасында, Венгрия астанасы Будапештің "Уйпеште" (2011) ұжымында және өткен жылдың соңында Хорватияның "Вараждинесінде" ойнаған.

Дмитрий Карпов (18.11.1988) — Көкшетау футболының түлегі. Қапталдағы қорғаушы. Бұған дейін "Шахтер", "Оқжетпес" және "Қызылжар" клубтарында өнер көрсеткен.

Артем Делидің негізгі құрамға оралуы қостанайлық жанкүйерлерді қуантпай қоймайды. Дели - екі жыл қатарынан премьер-лига клубтарының дубльдік құрамы арасындағы жеңімпазы атанған. Өткен жылы Артемнің көрінбегені рас, бірақ биыл қайтадан бас бапкердің сенімінен шығуға мүмкіндік алды.


  «Тобыл» ФК баспасөз қызметі
 

Social

/ PFLKAZ

PFLK TV
Array ( [kaz] => news [id] => 1100 )