РУС ҚАЗ
OLIMPBET-футболдан Қазақстан Чемпионаты
x

Жарыстар орталығы

  • OLIMPBET-футболдан Қазақстан Чемпионаты
  • Бiрiншi лига
  • Екінші лига
  • Қазақстан Кубогы
  • Суперкубок
  • Өтпелі ойын

Жаңалықтар«Қайсардың» бас бапкері ретінде Сергей Когай бекітілді

02 Ақпан 2012, 14:56

Қызылорда облысы Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы және клуб басшылығының шешімімен "Қайсар" футбол клубының бас бапкерлігіне Сергей Когай бекітілді.

Қызылорда футбол мектебінің түлегі Сергей Когай бір маусымда соғылған голдар жөнінен клубтың ең үздік сұрмергені. Футболшы кезінде аймақтағы футболдың дамуына үлкен септігін тигізген. Ша­буыл шебінде өнер көрсетіп, қақпашылар­дың қас жауына айнала білген. Фут­бол­шы­лық ғұмырының басым бөлігін Қы­зыл­орда­ның «Мелиатор» және «Қай­сар» клубтарында өткізген шабуылшы Ал­ма­­тының «Қайратында» да өнер көрсетті. Тіп­ті Ресейдің «Балтика» клубы сапы­ның да намысын қорғап, КСРО бірін­ші­лігінің бірінші лигасында доп тепкен. Айт­пақшы, өз ғұмырында барлығы 135 гол соққан Когай – Қазақстанның G100 сұрмергендер клубының мүшесі. Соңғы кезде Шым­кенттің «Ордабасы» клубының бап­кер­лер штабында қызмет атқарған. Енді Сер­гей Когай қызылордалық жан­кү­йер­лердің үмітін қан­шалықты ақтай алатынын маусым барысында бағамдайтын бола­мыз.

1966 жылдың 14 тамызында дүниеге келген.

1993 жылы Қызылорда қаласындағы Н.В. Гоголь атындағы педагогикалық институттың дене шынықтыру факультетін тәмамдаған.

2011 жылы "PRO" лицензиясын иеленген.


«Қайсар» ФК баспасөз қызметі
 

Social

/ PFLKAZ

PFLK TV
Array ( [kaz] => news [id] => 1065 )