РУС ҚАЗ
OLIMPBET-Чемпионаты
x

Жарыстар орталығы

  • OLIMPBET-Кубогы
  • OLIMPBET-Чемпионаты
  • Бiрiншi лига
  • Екінші лига
  • OLIMPBET-Суперкубогы
  • Өтпелі ойын

Жаңалықтар«Ордабасы» пенальтиден жеңілді

31 Қаңтар 2012, 14:25

Оңтүстік қазақстандықтардың қарсыласы Румынияның соңғы чемпионатында 4-орынды иемденген. Ал бұл турнирде 3-орында келеді. Дегенмен, шымкенттіктер азулы қарсыластарынан қаймыққан жоқ. Ойын тең жағдайда өтті. Өкінішке қарай, үзіліске 10 минут қалғанда төреші "Ордабасының" бір футболшысын алаңнан қуып, жерлестерімізді он ойыншымен қалдырды. Әлбетте, кінә өзімізден. "Рапид" ойыншыларының біріне қарсы өрескел ереже бұзған Мохамед Аруриді төреші де кешірмеді. Енді Мохамед келесі ойынды алаң жиегінен тамашалайды.

Кем құрамда қалғандарына қарамастан шымкенттіктер қорғаныста жатып алуды жөн көрмеді. Әрине, ойын тізгіні румындардың қолдарында болғанын да айта кету керек. Әсіресе, шабуылшы Чиприан Деактың қарқын қатты еді. Дегенмен, қазақстандықтар да шабуылды ұмытқан жоқ.  Мәселен, шабуылшыларына көмекке келген Эндрю Мвесигва румын қақпашысы Виргил Драгидің қақпасына баспен доп соғып кетуге сәл қалды. Өз кезегінде Роман Нестеренко да бірнеше мәрте қақпамызды қауіпті соққылардан сақтап қалды. Тіпті, доптың қақпадан басқа барар жері болмағанда да "Ордабасы" қақпашысы голдан аман алып қалды. Сөйтіп, ойынның негізгі бөлігі 0:0 есебімен аяқталды.

Өкінішке қарай, матч соңындағы пенальти шымкенттіктерге сәтті болмады. Жігіттеріміз 2:4 есебімен румындарға жол берді.

Автор: Александр Шатов
sports.kz

Social

/ PFLKAZ

PFLK TV
Array ( [kaz] => news [id] => 1055 )