РУС ҚАЗ
Премьер-лига
x

Жарыстар орталығы

  • Премьер-лига
  • Бiрiншi лига
  • Екінші лига
  • Қазақстан Кубогы
  • Суперкубок
  • Өтпелі ойын

ЖаңалықтарӘли Әлиев "Ертісті" таңдады

24 Қаңтар 2012, 11:38

Ақтөбеден", сондай-ақ Түркия бірінші лигасының бірнеше клубынан шақырту болғанына қарамастан жартылай қорғаушымыз "Ертісті" таңдапты. Бұған көп жағдайда керекулік команданың бас бапкері Талғат Байсуфиновтың табандылығы, жалынды сөздері себеп болыпты.
Негізі Әли Әлиев көпшілікке "Қайрат" командасында өнер көрсетуі арқылы танымал болған футболшы. Сонымен қатар, 1999 жылғы жастар арасындағы әлем чемпионатында команда көшбасшыларының бірі болған. Қазақстаннан жырақта жүргеніне біраз жылдың жүзі болса да, оның керемет айып соққыларын жанкүйер қауым әлі ұмыта қойған жоқ.  2000 жылдардың басында Әлиев "Қайраттың" басты жұлдыздарының бірі болды. "Ертіс", "Тобыл", "Жеңіс", "Атырау" сынды клубтардан қаржылық тұрғыда тиімді ұсыныстар түскенімен "Қайратқа" адалдық таныта білген футболшы соңғы бес жылын Түркия чемпионатында өткізді. Былтыр "Локомотив" сапына ауысуына керемет мүмкіндік болғанына қарамастан, тағы бір жыл Түркияда қалуды жөн санаған еді.


Қайсар Ғабитов
sports.kz
 

Social

/ PFLKAZ

PFLK TV
Array ( [kaz] => news [id] => 1034 )