РУС ҚАЗ
OLIMPBET-Чемпионаты
x

Жарыстар орталығы

  • OLIMPBET-Чемпионаты
  • Бiрiншi лига
  • Екінші лига
  • OLIMPBET-Кубогы
  • OLIMPBET-Суперкубогы
  • Өтпелі ойын

Жаңалықтар«Астананың" айқын жеңісі

21 Қаңтар 2012, 00:47

Оқу-жаттығу жиынының соңғы күндері болғандықтан аздап шаршағандықтары әсер етті ме, әйтеуір бірінші тайм бір қалыпты жағдайда өрбіді. Ал екінші таймда "Астана" шабуылын үдетіп, әскерилердің қақпашысын қайта-қайта мазалаумен болды. Үзілістен кейін алаңға шыққан Пиралы Әлиев пен Сергей Остапенко да ойынға жаңаша әр берді.
Міне, сөйтіп соғылған екі гол да кездесудің екінші таймының еншісіне тиген еді. Алдымен Ұлан Қонысбаевтың оң қапталдан асырған пасын Сергей Гридин голға айналдырса, артынан Пиралы Әлиев Сергей Остапенкоға керемет пас шығарып. екінші голдың соавторы атанды.
Олег Протасов бұл ойында бұған дейін Краснодардың "Кубань" командасында өнер көрсеткен Виктор Дмитриенконың өзін көрсетуіне мүмкіндік берді. Өзінің небәрі жиырма жаста екеніне қарамастан бұл қорғаушы Ресей прмеьр-лигасы мен Молдова жоғарғы чемпионатында тәжірибе жинақтаған.
"Астана" командасы бұл матчта мына құрамда өнер көрсетті. Эрич, Гурман, Мұхтаров, Дмитренко, Рожков, Нөсербаев, Шахметов, Нұрдәулетов (Әлиев 70), Қонысбаев, Петрониевич (Остапенко 46), Гридин.
 

Ертең команда елге қайтады. Бірақ ұзақ демалмайды. оқу-жаттығу жиынын өткізу үшін "астаналықтар"  қайта Антальяға аттанбақ.

fca.kz 

Social

/ PFLKAZ

PFLK TV
Array ( [kaz] => news [id] => 1029 )